«Қазақмыстың» иесі ауысты
Сурет авторы: Қазақмыс
Қазақстандағы ірі өндірістік корпорациялардың бірі – «Қазақмыс» компаниясының иесі ауысты. Forbes басылымының хабарлауынша, корпорацияның жаңа иесі Qazaq Stroy компаниясының бенефициары Нұрлан Артықбаев болған.
Qazaq Stroy өкілдері мәміленің жабылғанын растағанымен, оның шарттары мен құны туралы мәлімет берілмеді. Сондай-ақ «Қазақмыс» та, Qazaq Stroy де бұл келісімге қатысты ресми хабарлама таратпаған.
Forbes-ке берген түсініктемесінде Qazaq Stroy өкілдері «Қазақмысты» дамыту жоспарлары бар екенін айтқан. Атап айтқанда, корпорация кәсіпорындарын қажетті шикізат қорымен қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау жұмыстарын едәуір кеңейту көзделіп отыр.
Айта кетейік, мыс өндірумен және өңдеумен айналысатын «Қазақмыс» компаниясы желтоқсан айының басында сату жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын растаған еді. Ол кезде мәміленің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Бұған дейін компанияның 70 пайызы Владимир Кимге, 30 пайызы Эдуард Огайға тиесілі болған.
Владимир Ким ірі өндірістік Kaz Minerals корпорациясының негізгі акционері ретінде қала береді.
Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша, «Қазақмыс» – Қазақстандағы көлемі жағынан екінші ірі жекеменшік компания. Владимир Ким Forbes тізімінде елдегі ең бай кәсіпкерлердің алғашқы үштігіне енсе, Эдуард Огай да ауқатты бизнес өкілдерінің қатарында.
Нұрлан Артықбаев – Qazaq Stroy компаниялар тобының негізін қалаушы және негізгі акционері. Forbes Kazakhstan журналының мәліметінше, ол Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 44-орында тұр, байлығы 2025 жылғы мамырдағы бағалау бойынша 228 млн долларды құрайды. Артықбаев Telecom Systems Ltd. арқылы «Қазақтелеком» компаниясының 9,84 пайыз акциясына иелік етеді. 2025 жылғы қарашаның ортасында ол «Ақтөбе» футбол клубының инвесторы атанған.
Qazaq Stroy компаниялар тобы 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашында тұрғын үй құрылысы саласында қызметін бастаған холдинг бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мұнай-газ химиясы, тау-кен өндірісі, агрохимия және өзге де салаларда жобалар жүзеге асырып келеді.
«Қазақмыс» корпорациясы мыс кенін өндірумен, катодты мыс пен мыс катанкасын шығарумен, бағалы металдарды аффинаждаумен және оларды сатумен айналысады. Компанияның негізгі тұтынушылары – Қытай мен Түркия нарықтары, ал өндірілетін алтынның барлығын Қазақстанның Ұлттық банкі сатып алады. Корпорацияның кеніштері, байыту фабрикалары, көмір разрездері мен мыс балқыту зауыттары Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл және Абай облыстарында орналасқан.
Соңғы жаңалықтар
-
ӘЧ-2026 қарсаңында АҚШ Федералдық тергеу бюросы маңызды ескерту жасады
3 ай бұрын
-
Қазақстандық лоукостер Батумиге жаңа тікелей рейс ашылды
3 ай бұрын
-
200 мың адам расымен жұмысқа тұрды ма? Министірлік есеп берді
3 ай бұрын
-
«Қазгидромет» мәлімдемесі: Батыс циклоны елдің басым бөлігіне қолайсыз ауа райын әкеледі
3 ай бұрын
-
Болоньяда өткен Әлемдік иттер көрмесінде (World Dog Show 2026) қазақ тазысы топ жарып, әлем чемпиондары атанды
3 ай бұрын
-
Жасанды интеллекттің салдарынан студенттердің сабақ үлгерімі нашарлады
3 ай бұрын
-
Зейнетақы жинағын алу қиындай түсті: жаңа шектер кімге қалай әсер етеді?
3 ай бұрын
-
ДДСҰ ескерту жасады: Сапасыз тағамнан жыл сайын 1,5 миллион адам көз жұмады
3 ай бұрын
-
Ерлан Карин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысын өткізді
4 ай бұрын
-
Қазақстанда өсімдік майы өндірісі рекорд жаңартты: экспорт $1 млрд-қа жақындады
4 ай бұрын
-
Зейнетақы жинағын үй мен емделуге пайдалану қиындай түсті: БЖЗҚ жаңа жеткіліктілік шегін жариялады
4 ай бұрын
-
Мирзияев пен Путин жаңа АЭС жобасын іске қосты
4 ай бұрын
-
Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты
4 ай бұрын
-
2027 жылдан бастап ипотека шарттары өзгереді: бастапқы жарнасы көптер аз төлейді
4 ай бұрын
-
Рим мен Софияның құрметіне Астананың екі көшесіне еуропалық атау беріледі
4 ай бұрын
-
Енді шенеуніктерді жасанды интеллект іріктейді: Мемлекеттік қызметте үлкен реформа басталды
4 ай бұрын
-
Air Astana Дубайға қатынайтын рейстерді қайта бастайды
4 ай бұрын
-
10 миллион адам көрген аңыз қойылым Қазақстанға келді: Бұл шоу несімен ерекше?
4 ай бұрын
-
Астанада LRT-ға жаңа атау беру ұсынысы мақұлданды
4 ай бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендетті
4 ай бұрын
-
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше аймағында қолайсыз ауа райы туралы ескерту жариялады
4 ай бұрын
-
«Оңай серіктес емес»: Путин Қазақстанмен келіссөздер кезінде туындайтын өткір пікірталастар туралы ашық айтты
4 ай бұрын
-
Ағзадағы «ұйықтап жатқан» қатерлі ісік: Ғалымдар ракты ерте анықтаудың құпиясын тапты
4 ай бұрын
-
Зеленский Путинге ашық хат жолдады
4 ай бұрын
-
LRT пойызы тоқтап қалса не болады: CTS түсініктеме берді
4 ай бұрын
-
«Кайраттың» екі футболшысы Forbes тізіміне енді
4 ай бұрын
-
Қазақстандағы АЭС елдің электр энергиясына сұранысының 20%-ын жабуы мүмкін
4 ай бұрын
-
Алматы мен Жетісу облыстарында жер сілкінісінен кейін жедел желі іске қосылды
4 ай бұрын
-
Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі сезілді
4 ай бұрын
-
Зеленский: Соғыс басталғалы бері 700-ден астам бала қаза тапты
4 ай бұрын
-
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің өкілімен Газа секторына қатысты Қазақстанның бастамаларын талқылады
4 ай бұрын
-
Михаил Шайдоров балаларға берген сөзінде тұрды
4 ай бұрын
-
АҚШ-тың араласуынсыз: Еуропа Ресейді келіссөз үстеліне отырғызудың жоспарын әзірлеп жатыр
4 ай бұрын
-
Түркістанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жоғары деңгейде аталып өтті
4 ай бұрын
-
Мемлекеттік рәміздер күні Түркістанда 500-ден астам әлеуметтік осал топ өкілдеріне пәтер кілттері берілді
4 ай бұрын
-
Эбола індеті өршіп барады: ондаған адам көз жұмды, жүздеген адам жараланды
4 ай бұрын
-
ӘЧ-2026: Қазақстандықтар матчтарды қайдан көре алады?
4 ай бұрын
-
Тоқаев: Қазақстандағы президенттік басқару үлгісі Алтын Ордадан бастау алады
4 ай бұрын
-
Жер шары халқының 42 пайызы ми мен ішек байланысының бұзылуынан зардап шегеді
4 ай бұрын
-
«Таза сана - таза қала»: Елордалық жұмысшылар «Бәйтерек» алаңында Әнұран орындаған сәті
4 ай бұрын
-
Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шектері қашан жарияланады?
4 ай бұрын
-
Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы Алматыда қамауда отыр
4 ай бұрын
-
АҚШ-та Трампқа Ирандағы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарар қабылданды
4 ай бұрын
-
Отбасы банктің ипотекасы қымбаттайды
4 ай бұрын
-
Анна Данилина «Ролан Гарростың» жартылай финалына жолдама алды
4 ай бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетеді – сарапшылар
4 ай бұрын
-
Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
4 ай бұрын
-
Алматыда жүкті әйел мен шақалақ қаза тапты: Туыстары әділдік іздейді
4 ай бұрын
-
АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны 100 млрд доллардан асты
4 ай бұрын
-
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу деңгейі бойынша әлемнің үздік 30 елі қатарына енді
4 ай бұрын